Таразда 46 жастағы әйелді ұрлап кетті

19 сәуір, 21:22
304

Таразда әйелді ұрлап кетті. Адам ұрлауға қатысты екі күдікті Тараздағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

15 сәуірі Тараз полиция бөліміне әйел өзінің 46 жастағы туысын ұрлап кетуі мүмкін екендігі туралы өтінішпен жүгінді.

 

Аталған факті бойынша дереу Қылмыстық кодекстің 125-бабы (Адам ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Көліктегі ДП баспасөз қызметі.

 

Адам ұрлауға қатысты күдікті анықталды. Бұл 49 жастағы ер адам болып шықты. Тергеу барысында ұрлауға тағы бір қатысушының қатысы бары анықталды.

 

Содан кейін аймақтағы ауылдардың бірінде ұрланған әйел табылды. Ол үйге қайтарылды. Адам ұрлауға қатысты екі күдікті Тараздағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың қалған қатысушылары анықталды, оларды ұстау шаралары жүргізілуде, деп хабарлады полиция.