Таразда орта жастағы ер адамды аяусыз тепкілеген бұзақы іздестіріліп жатыр

28 қараша 2020, 09:32
586

Таразда 57 жастағы азаматты аяусыз тепкілеп ауруханадан бір-ақ шығарған бұзақыға іздеу салынды. Ол жалғыз кетіп бара жатқан ер кісіні дәл  үйінің алдында соққыға жығып, тонап кеткен. Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші қазір ауруханада жатыр.

 

Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

 

Медициналық бетперде киген қаскөйдің қыныпезерлігі жұртты шошытты. Ол 57 жастағы ер адамды есін жоғалтқанша төпелеген. Соққысы дәл әрі нық тиюіне қарағанда спортшы болуы мүмкін деген жорамал бар.

 

Жәбірленушінің ұялы телефонын алып кеткені анық көрінеді. Қанша ақша алғаны белгісіз. Оқиға орнынан із суытқан бұзақы әлі табылмай жатыр.

 

Десе де іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған.

 

Ал 57 жастағы қала тұрғынының жағы сынып, миы шайқалған. Ота жасалды.

 

Дәргерлер өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді.

 

 

 

 

ktk.kz