Шымкентте әскери бөлімнен қару ұрлау ісі: Бөлім командирі сотталды

28 қараша 2020, 09:02
396

Командирдің ақыры. Шымкентте қару ұрланған әскери бөлімнің басшысы 10 жылға сотталды. Қылмыстық кодекстің 5-бабымен айыпты деп танылған Ержан Дәуітов жазасын қауіпсіздігі орта деңгейдегі колонияда өтейтін болды.

 

Ержан Дәуітовке пара алу, қызметін асыра пайдалану, қызметіне бейжай қарау және қол астындағы сарбаздарға күш көрсету сияқты ауыр айыптар тағылған.

 

Бадам ауылындағы 10 216 әскери бөлімі командирінің міндетін уақытша атқару кезінде Ержан Дәуітов қол астындағы сарбаздарды ұрып-соғып, қит етсе ақша талап еткенін сот процесі кезінде жауынгерлер айтып берді.

 

Жәбірленушілердің арасында аталмыш әскери бөлімнен қару ұрлады деп бас бостандығынан айрылған сержант Абылай Балғынбай да болған.

 

Бірақ бұрынғы командирдің өзі сот үкімімен келіспейтінін айтып, сот залында судьямен сөзге келіп қалды.

 

ktk.kz