Павлодарлықтарға жазда істеп көруге болатын 5 лайфхак ұсынылады

13 сәуір, 00:19
1144

Pavlodarnews.kz бірнеше тиімді лайфхак ұсынады. Мәселен, лимон шырыны қолдағы жидектердің дақтарын жеңуге көмектеседі.

 

Жаз - жылдың тамаша уақыты, бірақ кейде бізді кішкеней қиындықтармен "қуантуға" дайын. Алайда тығырыққа тірелген сәтте шығатын тәсілдерді байқап көруге болады.

 

1.      Машинадан шықпас бұрын, руль дөңгелегін төмен бұраңыз.

 

 

Бұл ыстық ауа райында көлік жүргізу кезінде рульдің үстіңгі бөлігін суық қалпында сақтауға көмектеседі.

 

2.      Мұздатылған ыдыс-аяқ губкасын пикник сөмкесіне салып алыңыз.

 

 

Мұздатылған губка тағамды ұзақ уақыт суық қалпында ұстауға көмектеседі. Сонымен қатар, су еріген кезде ол губканың ішіне жиналып тұрады. Демек, сөмке іші құрғақ болып қалады

 

3.      Лимон шырыны қолдағы жидектердің дақтарын жеңуге көмектеседі.

 

 

Органикалық қышқылдардың көп болуына байланысты лимон шырыны дақтарды жақсы тазартады. Егер теріде жолақтар болса, лимон шырынын қолдануға болмайды: бұл тітіркенуді тудыруы мүмкін.

 

4.      Кілтке брелоктың орнына шарап тығынын қолданыңыз.

 

 

Оның арқасында сіз кілттерді суға түсіріп алсаңыз кілт батпай шығады.

 

5.      Егер аяқ киіміңізде жағымсыз иіс сезе бастасаңыз, ішіне құрғақ сусабын жағыңыз.

 

 

Құрғақ сусабынның құрамына артық ылғалды сіңіретін сіңіргіш компоненттер кіреді, соның арқасында аяқ киімді жағымсыз иістен құтқара аласыз.

 

Жазды көңілді әрі тиімді өткізіңіздер.