Кепілақыны қалай рәсімдейді

30 марш, 18:45
1058

Заң бойынша үй сатып алу немесе сату кезінде кепілақаны қалай рәсімдеуге болады?

 

Кепілақы келісім бойынша екі данада жазбаша нұсқада толтырылады. Құжатта кепілақы сомасы (тек теңгемен, әйтпесе мәміле жарамсыз болады), объектінің толық бағасы және есептеудің нақты күні көрсетілуі керек.

 

Кепілақының мөлшері келісілген соманың 10%-ынан аспауы тиіс. Егер сатып алушы 50%-ын немесе одан да көп ұсынып, бірден тұрғын үйге кіруді сұраса, абай болғаныңыз абзал.

 

Келісімді нотариалды куәландыру қажет емес, дегенмен тараптардың бірі келісімнен бас тартатын болса, бұл өндіріп алу процесін жеңілдетеді. Сақтықта қорлық жоқ дегендей. Мұндай қызметтің құны — 10 АЕК (29 170 теңге, 2021 жылы 1 АЕК 2 917 теңгеге тең).

 

Kn.kz сайтының мәліметінше, жұбайының келісімі туралы құжат (егер некеде болса) екі тараптан қосымша 1.5 АЕК — 4 376 теңге мөлшерінде төленеді. Егер сатушы жылжымайтын мүлікті мұраға немесе сыйлық ретінде алған болса, келісім талап етілмейді.

 

Кей жағдайларда кепілақы берілгеннен кейін де тараптар келісімшарттан бас тартады. Егер сатып алушы шешімін өзгертсе, сома сатушыда қалады. Егер меншік иесі болса, онда сатып алушы берілген кепілақы сомасынан екі есе артық алуы керек.

 

 

 

baq.kz