Астролог қай жұлдызда туғандардың өмірінде күрт өзгеріс болатынын айтты

14 қыркүйек, 18:24
1056

Астролог Павел Глоба қазан айында өмірі өзгеретін жұлдыз белгілерін атады.

 

Торпақ

 

Бұл белгі үшін күздің екінші айында жақсылықтар, сәтті күндер орнайды. Торпақтар үшін жұлдыздардың орналасуы өте қолайлы болады дегенмен, бұл айда негізсіз тәуекелге бармауына кеңес береміз.

 

Шаян

 

Шаян жұлдызында туған жандар өз өмірінен қандай да бір өзгерістерді күтеді. Бұл үміт кей жағдайда ақталып, жұлдыздар қазан айында олардың қалаған нәрсесіне қол жеткізуге көмектеседі. Ең бастысы - интуицияға бой ұсыну.

 

Бикеш

 

Бұл жұлдыз белгісіндегілер көп мүмкіндіктерге ие болмақ. Сонымен қатар, олар өздері үшін не маңызды екенін шешуі керек: махаббат па әлде ақша ма? Екеуінің бірін таңдаған соң, сол бағыттағы іс-әрекеттерде басымдық танытқан жөн.

 

Мерген

 

Мергендер ша-шадыман күйге бөлене отырып, жоғары өнімділікке ие болады. Бұл көптен қол тимей кеткен жұмыстардың ретке келтіруге ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, тек жұмыс орнында ғана емес, үйде де стресс пен жанжалдан аулақ болу керек.

 

 

 

kaz.zakon.kz