Фигурасы зыңдай қыздарға сілекейіміз ағып қараймыз

13 қазан, 21:27
1020

Әлеуметтік желіде мына қазақ қызды “өзге ұлтқа тұрмысқа шықтың!” деп айыптап жатыр екен. Комменттерді оқып отырып, “неткен екі жүзді қоғамбыз” деген ойға тоқталдым.
Ей, Құдайшылығын айтайықшы, қай бойдақ осындай қызға қарайды? Өз-өзімізді неге алдаймыз? Фейсбукта бәріміз ұлтжанашыры боламыз да, кешке кафеде фигурасы зыңдай қыздарға сілекейіміз ағып қараймыз. Сілекей таусылды уже …
Бұл қарындасымызды түсінуге болады. Өмірге реализммен қарады. Қазақтың жігіті қарамады, уақыт өтіп жатыр. Шетелдік азамат ұсыныс жасады. Қыз келісті. Ақылға жеңгізген, дұрыс шешім. Бақытты болсын!

facebook.com