УЕФА ЧЛ: Бүгін топтық кезең басталады

14 қыркүйек, 17:41
195

Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алғашқы тур ойындары екі күнге белгіленген.

 

Бүгін, 14 қыркүйекте E, F, G, H топтарында ойындар өткізіледі.

 

Жанкүйерлер E тобындағы «Барселона» (Испания) мен «Бавария» (Германия) кездесуін асыға күтуде. Ойын елорда уақытымен 00:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

 

Бұл топта тағы бір ойында «Динамо Киев» (Украина) мен «Бенфика» (Португалия) шеберлік байқасады.

 

Сондай-ақ, қазақстандық жанкүйерлер бүгін H тобындағы «Qazaqstan» телеарнасынан «Челси» (Англия) мен «Зенит» (Ресей) кездесуін тамашалай алады.

 

Аталған топтағы тағы бір ойында «Мальме» (Швеция) мен «Ювентус» (Италия) жасыл алаңға шығады.

 

Бүгін F тобында «Янг Бойз» (Швейцария) бен «Манчестер Юнайтед» (Англия),

«Вильрреал» (Испания) мен «Аталанта» (Италия) кездессе,

G тобында «Севилья» (Испания) мен «Ред Булл» (Австрия),

«Лилль» (Франция) мен «Вольфсбург» (Германия) бәсекелеседі.

 

Ал 15 қыркүйекте А, В, С, D топтарындағы командалар алғашқы тур ойындарын өткізеді.