"Барселонадан" сегіз бірдей футболшы кетеді

26 марш, 16:14
0 1

Каталондық "Барселона" жазғы маусым аралығында сегіз бірдей ойыншыны босатуы мүмкін, - деп хабарлайды Sport.es.

 

Атап айтқанда командадан Иван Ракитич, Артуро Видаль, Самюэль Юмтити, Мартин Брэйтуэйт, Филиппе Коутиньо, Хуниор Фирпо, Антуан Гризманн мен Нето кетуі мүмкін.

 

Ракитич "Севильяға" барса, ал Видальді "Интерден" ауысып келетін Лаутаро Мартинес трансферіне қоспақ екен.

 

Кеткен футболшылар орнына "Барса" басқа ойыншылар алады және ПСЖ-дан Неймарды қайтармақ.

 

Айта кетейік "Барселона" 27 тур қорытындысы бойынша Испания чемпионатында көш бастап келеді.

 

kaz.vesti.kz