Қазақстанда несие берудің бірыңғай ең жоғары сомасы бекітіледі

20 қазан, 23:19
590

Қазақстанда баспана сатып алуға берілетін несиенің бірыңғай ең жоғары сомасы бекітіледі.

Мұндай өзгеріс таяуда Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоспарында көзделген.

Аталған жобаның бір бағыты «Жайлы тұрғын үй» міндетін шешуге бағытталған. Жобаның жүзеге асырылуына жауапты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауына сәйкес, жүзеге асырылатын жеңілдікті ипотекалық бағдарламалардың бірыңғай шарты қарастырылатындығын атап өтеді.

«Бұл үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес тұжырымдама қабылданғаннан кейін бекітілетін ережені әзірлеу жоспарланып отыр. Несие берудің бірыңғай ең жоғары сомасы 15-18 млн теңге шегінде, алдын-ала тұрғын үй заемінің ең төменгі жарнасы 10 пайыз мөлшерінде айқындалатын болады. Жеңілдік бағдарламасына қатысушылар тізімі кеңейтіліп, ең төменгі күнкөрістің шекті мөлшері ұлғайтылады», – деп хабарлады ведомство.

aikyn.kz