«Алматы жастары 3.0» бағдарламасының шарттары жеңілдетілді

05 тамыз, 16:44
0 1

Бірінші кезең бойынша өткен жастар өздеріне пәтер таңдап алды.

Бірінші кезең бойынша өткен жастар өздеріне пәтер таңдап алды, олардың тұрғын үйді бастапқы және екінші нарықтан таңдау құқығы бар. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев instagram-дағы парақшасында жазды.

"Әлеуметтік салада жұмыс істейтін жастарды, соның ішінде мұғалімдер, дәрігер, мәдениет және БАҚ саласының қызметкерлерін қолдау үшін "Алматы жастары 3.0" бағдарламасының шарттары барынша жеңілдетілді. Жылдық мөлшерлеме 5%, бастапқы жарна 10%, несиелеу мерзімі 25 жылға дейін. Жас ерекшелігі 35 жастағы азаматтар",-деп жазды әкім.

Сонымен қатар, ол жыл басынан бері төлем қабілеттілігін растау үшін 1035 адам жолдама алғанын мәлімдеді.

"Қалада тіркеуде болу керектігі туралы талап алынғаннан кейін тағы 526 азамат жолдама алса, 457-сі резервке енгізілді. Бірінші кезең бойынша өткен жастар өздеріне пәтер таңдап алды. Айта кету керек, тұрғын үйді бастапқы және екінші нарықтан таңдау құқығы бар. Жастарға қамқор болу – басты міндеттеріміздің бірі. Қаланың негізгі әлеуеті әрі Алматының қозғаушы күші мен жасампаз энергиясы – сіздерсіздер, жастар",-деп жазды Сағынтаев.