Биткоин құны 2019 жылдың тамызынан бері алғаш рет 12 мың доллардан асты

02 тамыз, 17:06
0 1

Биткоин құны 2019 жылдың тамызынан бері алғаш рет 12 мың доллардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл деректі Coindesk электрон криптовалюта биржасы мен CoinMarketCap порталы жазды.

Биткоинның максимал құны 12 030 долларға жетті. Содан кейін 11 184 долларға дейін төмендеді де, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-ге қарай криптовалюта бағасы 11 273 долларды көрсетті.

Бір апта бұрын, биткоинның орташа айырбас бағамы 2 маусымнан кейін күрт көтеріліп, 10 000 доллардан асқаны хабарланған болатын.