Цифрлы теңге. Мусин жемқорлықты біржола жоятын әдіс ұсынды

23 мүмкін, 09:59
0 1

 

Президент көмекшісі Бағдат Мусин жемқорлықты түбегейлі жоятын жаңа құрал ұсынды.

«Сіздер менен жемқорлықты түбегейлі құртатын ұсыныс сұрадыңыз. Менің ойымша тек процессті цифрландыру ғана құрта алады. Мысалы, мемлекеттік сатып алуларда ақшаны қолма-қол шешіп алуда мәселе бар екенін білеміз. Мемлекеттік тапсырысты ұтып алғаннан кейін ақшаны қолма-қол аударып алады. Одан кейін оған іс қозғап, мәселені зерттеп жүргеніңіз. Мендегі идея бойынша, теңгенің цифрлық баламасы болуы керек. Ол боялған болады», – деді Мусин жемқорлыққа қарсы агенттікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, егер көпір құрылысына 3 млрд теңге бөлінсе, оны жүйеде монитор арқылы бақылауға болады. Өйткені, әрбір теңге цифрланады.

«Оған әлі біраз бар. Биткойнның баламасы бірақ биткойн емес. Оны іске асыру биткойн жасағандай қиын емес. Биткойн қиын, өйткені ол шифрланған, орталықсыздандырылған мәліметтер базасы және өте жақсы технология. Алайда біз одан тек керегін ғана алуымыз керек. Ол блокчейн негізінде жасалады. Бұл қозғалысты тұрақты жазып отыру. Қайда кеткенін қарап отыруға болады», – деді Президент көмекшісі.

Мұндай жаңалық, Презиент көмекшісінің айтуынша, қанша ақша кірпіш алуға кеткенін, қанша ақшаның жалақы ретінде төленгенін нақты уақытта көріп отыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Мусин осындай құрал енгізілсе, қазіргідей жемқорлықтың болмайтынын айтты.

«Мұны алдау мүмкін емес екенін адамдар түсінуі керек. Сондықтан көніп, заң бойынша жұмыс істеу керек болады. Барлық мемлекеттік процестерді ескерсек, 2-3 жылда осыны іске асыруға болады. Алайда бір жылда да істейтін әдіс бар. Екінші деңгейлі банктермен және Ұлттық банкпен бірге отырып, солармен сөйлесу керек. Қалай дегенде де, цифрландыру жүріп жатыр, сондықтан қазір істеу керек», – деді Бағдат Мусин.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының соңында Сенат цифрлы технологиялар туралы заңды жаңартты. Атап айтқанда, цифрлық активті қамтамасыз етуге арналған толыққанды заңнамалық база құрылды.

Сенат қабылдаған заңда цифрлық актив, цифрлық құжаттар сервисі, цифрлы майнинг және цифрлы токен деген ұғымдар енгізіліп, цифрлық активтер шығару жайы айқындалды.

Заңда майнингпен алынған цифрлық активтерді иелену құқығы бекітілді және цифрлық майнингпен айналысуға болатын тұлғалар саны шектелмеді. Яғни, заңнамада ұлттық валюта теңге негізінде криптовалюта шығару жобасын іске асыруға база құрылды.

Ал қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер үшін ештеңе өзгермеді, баяғыша заңсыз болып қала бермек. Өйткені, әлем бойынша барлық елде мемлекеттік криптоактивті шығару ұлттық валютаға байлануы керек. Осы орайда, ең алғашқы ұлттық валютаға байланған криптовалюта Қытайдың юаньі болуы мүмкін.

naryk.kz