Ақша айырбастау орындарында доллар 448-451 теңгеден сатылып жатыр

26 марш, 13:07
0 1

Ақша айырбастау орындарында доллар 448-451 теңгеден сатып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 447,9-450 теңгеден сатылса, Алматыда доллар 447,9-450 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал долларды 444-447 теңгеге сатып алуға болады. Еске салайық, қазіргі уақытта Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындары сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейді.