"Не тұрыс?" Жаңа образын паш еткен Мәдина Сәдуақасова елден ұрыс естіді

22 қазан, 14:49
965

Мәдина Сәдуақасованың басы тағы дауға қалды. Әнші жаңа образын паш етіп, елден оңбай сөз естіді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәдина жас стилист Жанайдар Жеңісбековтің таңдауымен киген образын көрсетті. Елден сөз еститінін білсе керек: 

"Қайтадан сынға ұшырайын деп тұрмын ау, қайтейін", - деп жазба қалдырды.

 Көпшілік әншіні жерден алып, жерге салды. Мәдинаны америкалық танымал модель Ким Кардашьянмен салыстырғандар да табылды.

"Қазақтың Ким Кардашьяны", "Әрине сынайды, соны біле тұра жасап тұрсың. Аяғыңды соншама көтеріп, ресторанда жұмыс істейін "арзан" әнші сияқты", "50-ге қараған шағыңызда, етек-жеңіңізді жинайтын уақытта сексуалды киім киіп, фотоға түскеніңіз әбестік деп ойлаймын, сіз құрбыңыз Қарақат ханымнан үлгі алсаңыз! Қатты айтсам ғафу етерсіз, просто біздің қазақи менталитетімізге сай емес, Еуропаға еліктемеңіздерші", "1 фото ұяттау, басқасы норма", "Күйеуіне Құдай сабыр берсін осыны көріп отырған", "Не тұрыс?", "Жабық киім, бірақ жарасып тұрған жоқ", - деп жазды оқырмандар.

Stan.kz