Тимати құны 507 млн теңге тұратын жаңа көлігін көрсетті (видео)

18 қазан, 23:54
889

Танымал ресейлік рэп орындаушы әрі кәсіпкер Тимати жанкүйерлеріне су жаңа көлігін көрсетті. Музыкант темір тұлпарының видеосын Instagram парақшасында жариялады деп жазады Lenta.ru.

 

Басылымның мәліметінше, Тимати Mercedes-Maybach G 650 Landaulet жол талғамайтын көлігін сатып алған. Компания дәл осы көліктің небәрі 99 данасын шығарған.

 

"Только никому" Telegram каналының ақпаратынша, рэпер көлкті 85 млн рубльге (шамамен 507 млн 406 мың теңгеге) сатып алған.

 

Көлік жиналмалы үстел, климаттық бақылау, монитор және аудио жүйесі бар ыңғайлы орындықтармен жабдықталған және алты секундта сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүруге қабілетті.

 

 

 

 

kaz.nur.kz