Атышулы Айжан Байзақова мейрамханада жанжал шығарды (видео)

13 қазан, 18:16
2474

Айжан Байзақова мейрамханада ер азаматтың бетіне су шашып, шу шығарды. Желі қолданушылары ер адамды белгілі спортшы Қуат Хамитов екенін айтады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Видео Instagram-дағы qaz.stars парақшасында жарияланды.

 

Байзақоваға ер азаматтың оған қарата айтқан "баба" деген сөзі ұнамай қалған. Бұл сөз атышулы блогердің намысына тисе керек, ол өзіне қарама-қарсы отырған жігіттің бетіне бір стақан суды шашып жібіреді. Кейін жанжал шығарады.

 

Бейнежазбаны тамашалаған желі қолданушылары ер адаматты белгілі спортшы Қуат Хамитовке ұқсатты.

 

Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!

 

 

Қуат Хамитовке ұқсайды екен. Тағы да хайп шығар, — деп жазды желі қолданушының бірі.