Димаш Құдайберген Беларусь халқының алдында анасын туған күнімен құттықтады

19 шілде, 09:02
742

Витебскте өтіп жатқан "Славян базары-2021" байқауының ашылу салтанатында Димаш Құдайберген анасы Светлана Айтбаеваны туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш көптеген елдерде жеке концертін беріп жүрсе де, бұл сахнада тұрғанда ерекше сезімге бөленетінін жеткізді. 

"Естеріңізде болса, осыдан тура 6 жыл бұрын осы жерден үлкен шығармашылық өмірге жолдама алдым. Cол үшін рұқсат берсеңіздер, бір минут уақыттарыңызды алайын. Келесі әнімді орындамас бұрын, мүмкіндікті пайдала отырып, араларыңызда ата-анамның отырғанын айтқым келеді. Бүгін - менің анамның туған күні!

Светлана Ермекқызы, орныңыздан тұрыңызшы! Қандай сұлу екеніңізді бәрі көрсінші. Барлық гүлдер, әлемнің бар тамашасы сізге арналады", - деді Димаш. 

 
Сондай-ақ, Құдайбергенов анасының осыдан алты жыл бұрын дәл осы елде айтқан сөзін қайталауды өтініп, халықпен бірге өзі де ностальгияға бөленді.

"Сіздердің баршаңызға қазақ елінің атынан мың мәрте алғыс айтқым келеді", - деді Светлана Айтбаева.

Өз кезегінде Беларусь жұрты Димашты қолдап, анасына барынша қошемет көрсетті.