Кенжебек Жанәбілов алаяқтарға миллиондап ақша бергенін мойындады

15 шілде, 10:42
727

Кенжебек Жанәбілов өмірде неден қатты қорқатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz Тимур Балымбетовтың Er-Batyr жобасына сілтеме жасап.

"Музарт" тобының әншісі алаяқтарға алданып қалудан қорқады. Себебі мұндай жағдай бір рет басынан өткен. 

"Біреулердің алдауына алданып, болмайтын жолға түсіп кетіп, кез-келген нәрсеге ұрынып қалатын адамдар бар ғой. Көзіміз де көріп жүр. Сондай нәрселерден қорқамын.

Осыдан 2 жыл бұрын алаяқтардың арбауына түстім. Оны ешкім білмейді. Бұл жағдайды бірінші рет айтып тұрмын", - дейді Кенжебек.

Алаяқтардың арбауына түскен өнер иесі оларға миллиондап қаржы бергенін жасырмай айтты. 

"Мен мейлі, елдің алдында жүрген адаммын, біреуден алып бере саламын. Үйін қойып барып, 10 миллион теңге берген адамдардың жағдайларын көрдім. Күнде көздерінде жас. Әрі қарай не істерін білмей қалады", - деді әнші.