Белгілі отандық әнші екінші рет коронавирус жұқтырып алды

19 сәуір, 17:09
838

Танымал эстрада және опера әншісі Толқын Забирова коронавирус инфекциясын екінші рет жұқтырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

 

«Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес, деп жүріп...Антителаның арқасында жеңілірек өтіп жатыр. Тек мамама ауыр болып тұр. Жасы -74. Алла шипасын берсін мамама»,- деп жазды әнші.

 

Сонымен қатар, ол уақытында вакцина алған дұрыс екенін атап өтті.

 

«Дер кезінде прививка алған дүрыс екен. Бір-ақ осындай жаста,үлкендерге салдыруға боларма екен?! Бәріміз аман болайық, ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып,мереке күндерде бас қосайық, достар»,- деді Толқын Забирова.