Дін жолында жүрген әншілерді сынға алған режиссерға жұлдыздар жауап берді (видео)

16 сәуір, 17:25
1543

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары дін жолында жүрген әншілерді сынап тастаған режиссер Жеңісхан Момышевқа шүйлікті. Олар кино және бейнебаяндар түсірумен айналысатын маманға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Жеңісхан Момышев дін жолындағы әншілер түсірілім тобының жұмысына кедергісін келтіретінін айтты. Оның өзінше, олар көптеген сахналарға рұқсатын бермей жатады.

 

Алайда, шоу-бизнес жұлдызы Бейбіт Кушкалиев өнердегі әріптесінің сөздерімен мүлдем келіспейді. Ол әр әнші өз бейнебаянын қалай түсірсе де өзі білетінін жеткізді.

 

"Оның айтқаны дұрыс емес. Оны логикалық түрде түсінбей тұрмын. Клипті түсіруші яғни түтынушы оны қалай түсірсе де өзі біледі. Ері немесе жабық түсірсе де, әншілер өздері біледі. Ал режиссер соған қарау керек, оның пікірімен санасу керек. Өйткені, ол сол жұмысына ақша алады. Ал "намаз оқыса, өлең айтпасын" деген әңгімесі мүлдем орынсыз. Мен де оған айта аламын. Намаз оқисың ба, кино түсірме" , - деді ол.

 

Кушкалиевтың сөздеріне Жігер Ауыпбаев та қосылды. Ол Момышевтың бұл айтқан пікірі қате болғанын айтты.

 

"Ол өзінің талабы шығар. Жеңісхан миында не бар соның жемісін жиды. Ал оқыған-тоқыған азамат болса, олай айтпас еді. Егер ол шынайы өнерді сүйетін болса, олай айтпауы керек еді. Жалпы айтқанда, оған барып жатқан әншілер оның клиеттері болып табылады. Сол себепті, ол тұтынушылардың пікіріне құлақ асуы керек. Ал дін мәселесіне келетін болсақ, бұл әркімнің өз таңдауы. Оған ешкімнің қол сұғуына болмайды" , - деді әнші.

 

Айта кетейік, бұған дейін Жеңісхан Момышев дін жолындағы әншілерді сынап, оларға өлең айтпай-ақ қоюға кеңес берген болатын.