Түркістан музыкалық драма театрының директоры тағайындалды

16 сәуір, 17:00
1145

Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының бұйрығына сәйкес Түркістан музыкалық драма театрының директоры болып Көпбасарова Айнұр Сайлаубайқызы тағайындалды.

 

Айнұр Сайлаубайқызы 1975 жылы 7 ақпанда дүниеге келген.

 

1990-1995 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында филолог мамандығы бойынша білім алған.

 

1995-1996 жылдары Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-да мамандығы бойынша магистратура, 1996-1999 жылдары аспирантурада жоғары білім алған.

 

–1999 ж. Филология ғылымдарының кандидаты (Тақырыбы: Абайдың лирикалық өлеңдерінің бейнелілігі және оның орыс тіліне аударудағы көркем табиғаты);

 

– 1999 ж. Азаматтық авиация академиясы, кафедра оқытушысы;

 

 – 2000 ж. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың көркем аударма және әдеби шығармашылық теориясы кафедрасының оқытушысы;

 

– 2000-2010 ж. «Хабар» телеарнасының бас редакторы, продюсері, көптеген жобаның авторы;

 

– 2010 жылдан бері «А+А Idea fabric» ЖШС-нің бас продюсері әрі креативті директоры; – «Bolashak Charity» қамқоршылар кеңесінің мүшесі;

 

– Фильмографиясы: «Я тебя люблю» фильмі мен «Армандастар» сериалы;

 

– «Құрмет» орденінің кавалері;

 

– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің алғыс хатымен марапатталған.

 

 

 

24.kz