"Хиджаб киіп, тілін ұмытқан": Отбасылық видео жүктеген Индира Расылхан сынға ұшырады

22 мүмкін, 13:23
0 1

Отандық танымал әнші Индира Расылхан жолдасымен бірге түскен видеосымен бөлісіп, желіде сынға тап болды. Көпшілік хиджаб киетін өнер иесінің отағасымен орысша сөйлескеніне шүйліккен. Оған қоса, оларға әншінің күйеуіне тамақ жасатқаны ұнамаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Индира Расылхан өзінің Instagram парақшасында күйеуіне еркелеп жатқан сәтін жариялап, кей оқырмандарының ашуын тудырды.

 

Желідегілер әншіні жолдасына ас әзірлетіп қойғаны үшін және өзара орысша сөйлескені үшін сынап тастаған. Олар қазақ эстрадасы жұлдызының қылығы өз жасына мүлдем сай емес деп есептейді.

 

"Орысша сөйлесіп тұрғандары несі" , "Жолдасыңыз шала қазақ па? Таза сөйлей алмайтын сияқты ғой" , "Басыңызда орамал, сөзіңіз орысша. Қалай болғаны?" , "Кеше тұрмысқа шыққан қыз сияқты еркелеп тұрғаныңыз жасыңызға сай емес" , "Ұят, нағыз қазақи әнші деп ойлап жүрсем. Шаңырағыңызда орысша сөйлеседі екенсіздер" , "Үлкен әйелдің бұлай еркелегені ерсі көрінеді. Жөнімен еркелегеніңіз дұрыс болар" , "Хиджаб киіп, тіліңізді ұмытып тұрғаныңыз қызық екен" , - деп жазуда оқырмандар.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/indirarasylkhan/