Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы чемпионымен айқас алдында мәлімдеме жасады

13 қазан, 18:27
246

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 KO) бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Бұл жекпе-жек Top Rank промоутерлік компаниясы 5 қараша Лас-Вегаста ұйымдастыратын бокс кешінде өтеді.

 

"Мен өзгелерден ерекпін және мұны бәрі біледі. Менің стилім басқа. Қазақ стилі - әлемдегі ең мықты. 5 қараша мұны көрсетемін", - деп жазыпты Жәнібек твиттерде.