Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн алдын ала белгілі болды

22 шілде, 08:26
259

Танымал америкалық журналист Дэн Рафаэль Генадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Риота Муратаның (16-2, 13 КО) жекпе-жегі бойынша келіссөздер туралы жаңа ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бастапқыда Головкин - Муратаның жекпе-жегі 31 желтоқсанда Токиода Tokyo Dome аренасында өтеді деп жоспарланған болатын, алайда бұл жекпе-жек басқа күнге және басқа жерге ауыстырылуы мүмкін.

«Келіссөздер жүріп жатыр, олар шарттарды талқылау сатысында, ал лагерьлер арасында түзету туралы ұсыныстар бар», - делінген дереккөздерде.

«Жекпе-жек 28 желтоқсанда Токиодан тыс Сайтамада Saitama Super Arena-да өтеді», - деп жазды Рафаэль.