ForteBank Euromoney нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік банкі болып танылды

19 шілде, 15:43
1086

ForteBank халықаралық беделді Euromoney басылымының нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік банкі (Best Bank in Kazakhstan) ретінде марапатқа ие болды.

Марапатты алуға келген ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили қаржылық ұйымның атынан Euromoney қазылар алқасына ұжымның жұмысын жоғары бағалағаны үшін ризашылығын білдірді.

«Бұл марапат пандемияға байланысты қиын кезеңдерге қарамастан, біздің банк клиенттерге сапалы қызметтер мен өнімдерді көрсетуге және ұсынуға мүмкіндік беретін дұрыс стратегияны таңдағанын растайды. Мен Forte-нің әрбір клиентіне олардың банкке деген сенімі мен адалдығы үшін, сондай-ақ Forte-нің әрбір қызметкеріне қажырлы еңбегі мен банктің дамуына қосқан үлесі үшін алғысымды айтамын", - деді ол.

Euromoney журналының Орталық және Шығыс Еуропа елдері бойынша редакторы Люси Фицджордж-Паркер атап өткендей, парасатты басқару мен екпінді инновациялар ForteBank-ке Қазақстан банктерінің бәсекелесі нарығында өсіп келе жатқан жұлдыз ретіндегі өз позициясын нығайтуға және елдегі төртінші банкті "Қазақстанның үздік банкі" сыйлығының лайықты лауреаты етуге көмектесті.

Жоғары пайда күшті қаржылық көрсеткіштермен теңестірілді, ал экожүйелік өнімдер жиынтығын іске қосу болашақ өсудің негізін қалады.

Euromoney сыйлығы 1992 жылдан бастап әлемнің 100 еліндегі банк ісі, қаржы және инвестициялар саласындағы көшбасшыларға беріледі және халықаралық қаржы әлемінде ең беделді болып саналады. Euromoney жеңімпаздарды анықтау кезінде бейтараптықтың, әділдіктің және дәлдіктің жоғары стандарттарын қолдауға ерекше назар аударады. Редакторлар, сарапшылар мен талдаушылар марапатқа үміткер әрбір банктің қызметін мұқият зерделейді, Халықаралық корреспонденттер банктердегі нарықты өз бетінше зерделейді, көрнекті қаржыгерлер мен банкирлердің пікіріне қызығушылық танытады. Шешім қабылдау процесі әдетте екі айға созылады. 

"Euromoney жоғары сапа сыйлығы (Awards for Excellence) аясында атары аталған банктер қазіргі әлемде банк қызметін жүргізудегі барлық қиындықтарға қарамастан, мықты қаржылық институттары ретінде беделге ие. Олар бірінші дәрежелі қызмет көрсетеді және клиенттерге үлкен сенім артады. Өткен жылы біз 50-ден астам аймақтық марапаттар мен 100-ге жуық елдің үздік банктерінің марапаттарын қамтитын аймақтық және елдік марапаттау бағдарламасы аясында банктерден 1000-ға жуық өтінім алдық", - деп атап өтті Euromoney журналының редакторы Люси Фицджордж-Паркер.

 

forte.kz