Ақмола және Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимі алып тасталды

14 қаңтар, 20:01
461

Ертең, 15 қаңтарда Ақмола және Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимі алып тасталады. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

 

"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес, 2022 жылғы 15 қаңтарда сағат 7.00-де Ақмола және Қостанай облыстары шекарасында төтенше жағдай режимі алып тасталады.

 

Бұған дейін Шымкент қаласы және Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимін алып тастау туралы қаулы шыққан болатын.