Алдағы үш күндге арналған ауа райы болжамы

14 қаңтар, 17:17
852

Қазгидромет мамандары 15-17 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Республиканың көп бөлігінде ауа райына Баренц теңізі аумағынан келетін циклон әсер етеді. Соның әсерінен жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ болады. 15-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.

 

Еліміздің батысы, солтүстігі, оңтүстігінде 30 м/с дейін жететін екпінді жел болады. Термометр бағандары 17 қаңтарға жақын, түнгі уақытта батыста 5-13 аязға дейін, солтүстік өңірлерде 5-15 аязға дейін төмендейді.

 

Елдің оңтүстігінде -5...+5 градус болады деп болжанды.

 

Ірі қалалардағы ауа райы

 

Алматыда 15 қаңтарда күн бұлтты, түнде -1°C, күндіз +9°C болады. 16 қаңтарда жаңбыр жауады, түнде 0°C, күндіз +13°C көрсетеді. 17 қаңтарда күн бұлтты болады, жаңбыр жауады. Түнде +2°C, күндіз +8°C жылы болады.

 

Нұр-Сұлтан қаласында 15 қаңтарда түнде -10°C, күндіз 0°C көрсетеді. Жаңбыр аралас қар жауады. 16 қаңтарда қар жауады, түнде -11°C, күндіз -1°C көрсетеді. 17 қаңтарда қар жауады, түнде -8°C, күндіз -3°C.

 

Шымкентте 15-17 қаңтар аралығында жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +5...+7°C аралығында болады. Күндіз 15-16 қаңтарда ауа температурасы 12°C көрсетсе, 17 қаңтарға қарай төмендеп, +7°C жетеді.