Қазақстанның бірқатар өңірінде Төтенше жағдай режимі аяқталды

14 қаңтар, 16:08
280

Қазақстанның бірқатар өңірінде Төтенше жағдай алынып тасталады. ҚР президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Шымкент қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 734 Жарлығымен енгізілген Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын" делінген Президент жарлығында.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан және Қарағанды, Түркістан облыстарында да дәл осылай арнайы жарлықпен төтенше жағдай тоқтады.

Бұған дейін Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимі алып тасталған. 

Еске салайық, лаңкестік қауіпке байланысты бүкіл Қазақстан бойынша 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай енгізілген болатын.