Наурызда ауру жұқтыру дерегі көбеюі мүмкін - Алматының бас санитария дәрігері

14 қаңтар, 14:00
366

Алматыда наурызда ауру жұқтыру дерегі көбеюі мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлық дерек омикрон штамы тез таралатынын және жақын арада дельта штамын ығыстыратынын көрсетеді. Бұрын инфекцияның келесі толқыны наурызда көбеюі мүмкін екені айтылды. Оптимистік болжам бойынша, наурыздың аяғында күніне 2,5 мыңға дейін, ал пессимистік болжам бойынша наурыздың басында тәулігіне 3,8 мыңға дейін инфекция жұқтыру дерегі тіркелуі мүмкін", - деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.
Еске салайық, Алматы үшінші күн қатарынан "қызыл" аймақта тұр. Тек кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырған 1115 жағдай анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, қалада омикрон штамы таралып жатыр.