Еліміздің бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

05 желтоқсан 2021, 11:20
542

Күндіз 5 желтоқсанда Ақмола облысының>батысында көктайғақ күтіледі.

Еліміздегі бес облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

5 желтоқсанда Ақтөбе облысының> оңтүстік-шығысында тұман түседі.

5 желтоқсанда> Қарағанды облысының батысында, орталығында тұман, көктайғақ болады. Жезқазғанда тұман, көктайғақ.

5 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының> солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с.

Күндіз 5 желтоқсанда Ақмола облысының>батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

5 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан> облысының> оңтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.