Ақтауда қыздар мен жігіттердің төбелесі видеоға түсіп қалды

05 желтоқсан 2021, 13:57
444

Ақтауда жігіттер мен қыздардың жаға жыртысы видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Lada.kz порталы.

Төбелесті видеоға куәгерлер түсіріп, желіге жүктеген. Онда жігіттер мен қыздардың бір-бірімен жұдырықтасып жатқанынын байқауға болады. 

 
Оқиға 4 желтоқсанда 27-ықшамауданда Abdi дүкенінің алдында болған. Кейіннен бұл жерге полиция мен жедел жәрдем шақыртылыпты. Тәртіп сақшылары жағдайға байланысты әлі пікір білдірмеген. 


Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстанда түнде жаппай төбелес болғаны айтылған еді.