Алдағы демалыста ауа райы қандай болады?

03 желтоқсан 2021, 21:53
650

Синоптиктердің болжамынша алдағы үш күнде республика көлемінде ауа райы құбылмалы болады.
4-6 желтоқсанда атмосфералық бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр. Қар жауып, көктайғақ пен тұман болады. Елдің солтүстігінде бұрқасын көтеріледі.

Батыста ауа температурасы түнде –5 градусқа дейін түсіп, артынан +3-ке дейін жоғарылайды. Күндіз -3 пен +5-тің аралығында болады. Ал солтүстік-батыста ауа температурасы аздап төмендейді, түнде 3-11 градус суық, күндіз – 0-8 градус.

Солтүстікте де температура төмендейді. Түнде 10-18, күндіз 5-13 градус аяз болады. Республиканың шығысы мен орталығында түнде -10-20 градус, күндіз – 0-10 градус. Оңтүстік пен оңтүстік-шығысында түнде -2 градус пен +7-нің арасында болады, ал күндіз 2-12 градус жылы.

Нұр-Сұлтанда алдағы демалыс күндері күндіз 4-5 градус суық, түнде ауа температурасы 11-13-ке дейін төмендейді.

Алматыда күн жылы, түнде 0 градус, күндіз +6-ға дейін жылы болады.

Шымкент қаласында термометр бағанасы плюстан төмен түспейді. Түнде +4, күндіз +10-ға дейін жылиды.

aikyn.kz