Қазақстанға Шавкат Мирзиёев ресми сапармен келеді

03 желтоқсан 2021, 18:35
613

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен елімізге Өзбекстан Республикасының Президенті ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-6 желтоқсан күндері елімізге Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев екі күндік мемлекеттік сапармен келеді.

Көпқырлы қазақ-өзбек қатынастарына тың серпін беру мақсатымен Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде», - деп жазды Берік Уәли.