Коронавирустан тағы 19 адам қайтыс болды

25 қараша, 10:02
449

Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 19 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24 қарашада ПТР сараптамасында (КВИ+) расталған коронавирустан 19 адам қайтыс болды. Коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар болған жоқ.

25 қарашадағы мәлімет бойынша, 28 106 адам коронавирус инфекциясынан (-24 235+ және 3 871 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 5 879 пациент стационарда,
  • 22 227 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 444 адамның жағдайы ауыр,
  • 117 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 76 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Сонымен қатар, 24 қарашадағы коронавирус инфекциясының белгілері бар 946 жағдай тіркелді.