Оңтүстікте минус 13°C-қа дейін аяз: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы болжамы

25 қараша, 00:57
524

"Қазгидромет" РМК 25-27 қарашадағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Еліміз аумағында күзгі құбылмалылық сақталса да, қыстың келгені сезіледі.

Алдағы күндері де кейбір атмосфералық процестер тез алмасады: жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендей бастайды.

Қыстың жақындауын Қазақстанның оңтүстік өңірлері де сезінетін болады: онда термометр бағандары түнде 8-13 аязға дейін төмендейді.