Энергетика министрі: АЭС туралы шешім әлі қабылданбады

13 қазан, 22:23
284

Энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиев Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу туралы шешім әлі қабылданбағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол туралы министр Нұр-Сұлтанда өткен "Париж келісімінің мақсаттарына жету жолдары мен Қазақстанның көміртекті бейтараптығы" конференциясы аясында мәлімдеді. 

 
"Жалпы алғанда, АЭС туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Зерттеулер жүргізілуде - коммерциялық, техникалық, қажеттілік жағын қарастырып жатырмыз”, – деді энергетика министрі.

Қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке және "Самұрық-Қазына" қорына Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық таза атом энергиясын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырды.

Stan.kz