Қазандағы мектепте атыс шығарған Галявиев ақыл-есі дұрыс емес деп танылды

21 шілде, 15:34
410

Қазан қаласындағы 175 -мектепте жаппай атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиев сараптама нәтижесі бойынша ақыл-есі дұрыс емес деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл туралы қоғамдық бақылау комиссияларының ресми органы "Газета ОНК" мәлімдеді. 

 "Біздің ақпаратымыз бойынша, В.П.Сербский атындағы мемлекеттік әлеуметтік-сот психиатриясы ғылыми орталығы қазандық қылмыскер Ильназ Галявиевті ақыл-есі дұрыс емес деп таныды", - деп жариялады қоғамдық бақылау комиссияларының ресми органы "Газета ОНК". 

Айта кетсек, 19 жастағы Ильназ Галявиев Қазандағы мектеп-гимназиясына қарумен келіп, шабуыл жасаған. Нәтижесінде жеті оқушы мен екі ұстаз көз жұмды. Қазір қаскөй түрмеде, ол өмір бойына бас бостандығына айырылуы мүмкін. Дәрігерлер оның шизофренияға бейім екенін айтқан.