Қазақстанда ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі

21 шілде, 15:25
289

Қазақстанда 44 градус дейін аптап болады. "Қазгидромет" синоптиктері 22-24 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Болжам бойынша, ауа райының тұрақсыз сипаты оңтүстік және солтүстік облыстарды қоспағанда, елдің көп бөлігінде сақталады.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, 23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста-найзағай, екпінді жел, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Жауын-шашыннан басқа ауа температурасының күндіз солтүстікте және орталықта 30-38 жылыға дейін, оңтүстікте 37-44 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 33-42 жылыға дейін көтерілуі күтілуде, тек еліміздің батысында ғана 33-41 жылудан 25-33 жылуға дейін біртіндеп төмендеуі байқалады", - делінген хабарламада.