Малдың қырылуы: Қызылорда облысында төтенше жағдай жариялана ма?

10 маусым, 15:15
520

Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдай жарияланбайды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жауап берді.

 
«Бұл жағдай Арал ауданында тіркеліп отыр. Қазір аудандағы малдың өлімі тоқтады. Бірақ аудан әкімдігі басқа құзіретті органдармен бірігіп, төтенше жағдайдың қажеттілігін пысықтап жатыр», - деп жауап берді.
Облыс басшысының айтуынша, биыл қыс ұзаққа созылып, жауын-шашын аз түскен. Шөп пен мал азығы тапшылығына байланысты наурыз-сәуір айында жеті ауылда 300-ден астам жылқы мен 150-ге жуық ірі қара қырылған.

Осы ретте Ақтөбе облысы мен көрші аудандардан 500 тоннадан астам жем-шөп, мал азығы жеткізілген. Одан бөлек, шаруаларға төмендетілген бағамен беру үшін азық-түлік корпорациясынан қосымша өнім алу жоспарланып отыр.