Қазақстанның тоғыз өңірі қауіпті "қызыл" аймақта тұр

04 мүмкін, 11:53
372

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Соңғы үш аптада сырқаттанушылықтың динамикасы сол деңгейде қалды. Соңғы аптада сырқаттанушылықтың 2% төмендеуі байқалды, өлім-жітім соңғы апта деңгейінде қалып отыр", - дейді Цой үкіметтің отырысында.
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, қазір 9 аймаққа қауіп төніп тұр. Өткен аптада Павлодар мен Жамбыл облыстары "қызыл" аймаққа көшті. Кеше бұл тізімге Шымкент қайта қосылды.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.