«Жағдайы өте қиын»: оппозиционер Навальныйды түрмеден ауруханаға ауыстыратын болды

19 сәуір, 16:42
340

Сотты болған оппозиционер Алексей Навальный колониядан сотталушыларға арналған облыстық ауруханаға ауыстырылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта Навальныйдың денсаулығы қанағаттанарлық деп бағаланады, оны күн сайын терепевт-дәрігер тексереді. Науқастың келісімімен оған витаминдік терапия тағайындалды, - деді Ресейдің Федералды қылмыстық-атқару қызметі.

Аурухана Владимир облысындағы ИК-3 аумағында орналасқан. Алексей Навальныйдың жақтастары оның жағдайы өте қиын деп санайды.

31 наурызда Навальный медициналық көмекке зәру болғандықтан аштық жариялады. Бұған дейін саясаткер белі мен аяғының қақсайтындығына шағымданған. Сондай-ақ, оны "қашуға бейім" мәртебесіне байланысты сағат сайын түнде оятып тексерген көрінеді. Осыдан кейін Навальный ауырып қалған: оның дене қызуы 38,1-ге дейін көтеріліп, қатты жөтел пайда болған. Оппозиционердің айтуынша, қазірдің өзінде оның камерасындағы үш сотталушыдан туберкулез анықталып, олар ауруханаға түскен.