ЖОО оқытушылардың ең төменгі жалақысы қанша болады?

19 сәуір, 16:40
323

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеру туралы хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"ПОҚ жалақысына қатысты сараптамалық сауалнама жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары оқытушыларының көпшілігінің пікірі бойынша оқытушылар құрамының барлық санаттары үшін ең төменгі жалақы белгілеу қажет екенін көрсетті", - деп хабарлады Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында.

 
Осыған байланысты БҒМ ЖЖОКБҰ-мен бірлесіп ПОҚ жалақысын одан әрі арттыру үшін есептеулер жүргізді және "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы профессор-оқытушылар құрамының ұсынылатын педагогикалық жүктемесін және ең төменгі жалақысын айқындау туралы бұйрығымен 680 академиялық сағаты бар штаттық оқытушыларға ұсынылатын жүктеме мен ең төменгі жалақы бекітілді.

- оқытушы үшін – 200 000 теңге;

- аға оқытушы үшін– 230 000 теңге;

- қауымдастырылған профессор үшін – 260 000 теңге;

- профессор үшін – 350 000 теңге;

- Ұлттық ЖЖОКБҰ-да профессор үшін – 400 000 теңге.

"Профессор-оқытушылар құрамының пікірінше, аталған ең төменгі жалақы мөлшері жас оқытушыларды жоғары білім беру жүйесіне тарту, оқытушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне ынталандыру және жалпы ПОҚ сапалық құрамын қалыптастыру үшін жеткілікті болып табылады", - деп түйіндеді Е.Тоғжанов.