Коронавирустың жаңа штаммдарынан қалай қорғануға болады: Мамандар түсіндірді

19 сәуір, 16:39
381

Вакциналау коронавирустың мутацияланған жаңа штаммдарына қарсы әрекет етеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова айтты. Сонымен бірге, ол вакцинацияға қарсы күрестің әрқашан, тіпті шешек пен құтыру ауруы кезінде де болғанын атап өтті. 

Бүгінде вакцинаға қарсы шығатындардың көбіне - көп интернетте айтатын негізгі дәлелдері өткен ғасырдың аяғындағы вакцинацияға қарсы шығушылардың аргументтерінен іс жүзінде ерекшеленбейді. 

 
"2020 жылдың жазын еске түсірейікші, Алматыда жұқтырушылар саны өте көп болды, көптеген отбасылар жақындарынан айырылды. Біз өзіміздің балаларымыз бен қарттарымыз үшін екпе алуымыз керек. Бұл әрбір адамның шешімі болуы керек", - деді алматылықтарды екпе алуға үндеген Элмира Битанова. 

Иммунолог ғылымның заманауи жетістіктері жоғары технологиялы екенін және арнайы мамандандырылған білімі жоқ адамдар үшін оны түсіну қиын екенін айтты.

"Қазіргі күні вакциналауға қарсы адамдар түрлі опасыз амалдарға баруда. Жалған хабарламалар таратып жатыр. Мұндай хабарламалардан халық қорқып жатыр. Бұл жалған ақпараттар зиянын тигізіп отыр. Сол себепті халықты вакцинацияның қажет екендігі жайлы ақпараттандыру керек", - деп аяқтады сөзін Эльмира Битанова.