Алматыда сел жүрді

08 сәуір, 00:29
534

Алматының Медеу ауданында көшкін жүрді, деп жазады Айқын.кз.

Бұл туралы Алматылық тұрғын өзінің Facebook парақшасында жазған.

Медеу ауданының әкімдігі 6 сәуірде облыстың төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірге оқиға орнына барғанын хабарлады.

«Оқиға орнын тексеру барысында жолдың 30 метрден астам бөлігінің құлағаны анықталды. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін арнайы белгі орнатылды. Тиісті шаралар қолдану жөнінде шешім қабылданған соң, жөндеу жұмыстары жүргізіледі»,– дейді әкімдік өкілдері.