"Сергек" тіркеген үш миллион теңгеге айыппұлдар есептен шығарылған

28 қараша 2020, 02:33
597

Сотқа жедел басқару орталығының қызметкеріне қатысты іс жіберілді, ол "Сергек" жүйесі тіркеген 268 құқықбұзушылықты есептен шығарды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтандағы департамент басшысы Шыңғыс Қабдула мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сотқа жедел басқару орталығының лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс жолданды, ол әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіліміне бұрмаланған деректерді жүйелі түрде енгізіп отырған және "Сергек" камералары тіркеген үш миллион теңгеден аса сомаға 268 әкімшілік құқық бұзушылықты есептен шығарған. Іс жеңілдетілген іс жүргізу аясында сотқа жіберілді", - деді Шыңғыс Қабдула брифингте.
Оның айтуынша, қалған алты айыпталушыға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

"Сергек" камераларынан есептен шығарылған айыппұл бойынша жұмыс көлемі өте үлкен", - деп толықтырды Шыңғыс Қабдула.