Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

25 қыркүйек, 11:22
0 1

Ел президенті сапар барысында бірқатар нысанды аралап, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездеседі деп жоспарланған
НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек &ndash Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

<video width="300" height="150" controls="controls"></video></p>

https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=3193278450795565&id=100003403233694&show_text=true&width=552&height=830&appId#

Сапар барысында Тоқаев қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалымен танысады және медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі.

Сонымен қатар, білім беру орталығын, индустриялық және  инфрақұрылымдық нысандарды аралап көреді деп жоспарланған.

Бұдан бөлек, президент Алматыда қоғам қайраткерлерімен және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізеді.