Алдағы демалыс күндері ауа райы жылы болады

18 қыркүйек, 12:15
0 1

Қазгидромет алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына антициклон әсер етіп, нәтижесінде жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы көтеріледі деген болжам жасады.

Сондай-ақ Қазақстанның батыс аумағына Мәскеу аудандарынан келген циклон ықпал етіп, кей жерлерде нөсер жаңбыр, найзағай, екпінді жел, дауыл тұрып, бұршақ түсуі мүмкін екенін хабарлады.