Биыл мемлекеттік грант бөлінбеген 36 ЖОО тізімі жарияланды

18 қыркүйек, 11:44
0 1

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев Facebook желісінде биыл мемлекеттік грант бөлінбеген 26 жоғары оқу орнының тізімін жариялады.

«Биыл Білім және ғылым министрлігі үлкен қадам жасады – 36 жоғары оқу орнына мемлекеттік грант бөлінбеді. Білім ордалары түлектердің жұмысқа тұруының төмен деңгейі және «Атамекен» ҰКП рейтингіндегі төмен позициясы бойынша іріктелді», - деп жазды ол.

Төраға орынбасары бұл оқу орындарының жұмысына қатысты бірнеше қызықты фактіні келтірді.

«Қазақсатан инновациялар және телекоммуникациялық жүйелер университетінде күндізгі бөлімде 1528 адам оқып жатыр. Осы ретте 1-курста – 3, 2-курста – 6, 3-курста – 5, 4-курста – 1513 студент! Бұл қалай болған? Осы ЖОО елдегі заңгер түлектердің 13%-ына диплом береді. Салыстыру үшін, ҚАЗГЗУ-да 2018 жылы заңгерлік мамандығы бойынша 185 түлек диплом алды. Орталық Азия университетінде экономист-түлектердің 30%-ына жетер-жетпесі жұмыс табады. Білім беру бағдарламаларының өзектілігі 10%-дан төмен. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетте «Информатика» мамандығы бойынша түлектердің небәрі 29%-ы жұмыс табады. Тағы 4 мамандық бойынша еңбекпен қамтылу 50%-ға жетпейді» – деп атап өтті Олжас Ордабаев.

Биыл мемлекеттік грант бөлінбеген 36 жоғары оқу орнының тізімі:

1. «Астана» университеті

2. Қазақстан теңіз универистеті (Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті)

3. Академик А.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті

4. Мардан Сапарбаев институты

5. «Silk way» халықаралық университеті

6. «Сырдария» университеті

7. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

8. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты

9. Еуразиялық технологиялық университеті

10. Каспий қоғамдық университеті

11. «Қайнар» академиясы

12. Инновациялық Еуразия университеті

13. Еуразия гуманитарлық институты

14. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы

15. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы

16. Орталық Азия университеті

17. Орталық Қазақстан академиясы

18. Қазақ технологиялыр және бизнес университеті

19. «Bolashaq» академиясы

20. Қазақстан инновациялық академиясы

21. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

22. Академик Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты

23. Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы

24. Болашақ Қызылорда университеті

25. Баишев университеті

26. Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

27. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті

28. Гуманитарлық-техникалық академия

29. Алматы экономика және статистика академиясы

30. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

31. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

32. Алматы университеті

33. Қазақ медициалық үздіксіз білім беру университеті

34. Қазақ-орыс халықаралық университеті

35. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

36. Академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті