Министр қазақстандықтарға үндеу жолдады

18 қыркүйек, 09:54
0 1

Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан халқын осы сенбіде қоғамдық орындарды қоқыстан тазартуға атсалысуға шақырды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарды сенбілікке шығуға үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр атап өткендей, жыл сайын 19 қыркүйекте бүкіл әлемде "World cleanup Day" акциясы өтеді.

"Миллиондаған адам қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығады. Былтыр шара 169 елдің азаматтарын біріктірді. Барлық қазақстандықты сенбі күні осынау ауқымды шараға белсенді қатысуға шақырамын", - деп жазды Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында.

Оның айтуынша, ел бойынша еріктілер, белсенділер, қоғам өкілдері табиғи аумақтарды қоқыстан тазартып, ағаш отырғызады.

"Өз аулаңызды, айналаңыздағы саябақтар мен су арналарын, тағы басқа орындарды тазалау арқылы акцияға Сіз де үлес қоса аласыз", - деп түйіндеді экология министрі.